Қала бас имамы қызметтік баспана құрылысымен танысты 5831

Қала бас имамы қызметтік баспана құрылысымен танысты

22 қаңтар 2026 108 Оқу 1 минут

2026 жылдың басында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Алмат Әли Бауырластар елді мекенінде орналасқан «Қайырқожа» мешітіне арнайы барып, мешіттің қазіргі тұрмыс-тіршілігімен, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, жалпы жағдайын бақылап шықты.

Сапар барысында мешіттің ішкі және сыртқы жұмыстарын қадағалап, мешіт жанынан бой көтеріп жатқан қызметтік баспана құрылысының барысын да көріп, нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Сонымен қатар, бас имам қызметтік баспананың құрылысын Рамазан айына дейін толық аяқтауды «Қайырқожа» мешітінің имамы Шыңғыс Ғалымжанұлына тапсырды.