Садақ ату мен үстел теннисінен сайыс ұйымдастырылды 5923

Садақ ату мен үстел теннисінен сайыс ұйымдастырылды

11 ақпан 2026 17 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бағдарлық баяндамасына орай 4 бағыттың бірі — «Дәстүр және отбасы» бойынша Шалқар ауданының имамдарының арасында үстел теннисі және ұлттық спорт түрі садақ атудан сайыс өтті. 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және бірлік мақсатындағы шарада ауданның Бас имамы Абзал Медетбеков діни қызметкерлер арасында бірлік пен татулықты насихаттады. Алла жолында жасап жатқан қызметтеріне береке тілеп, Алладан мол сауап жазылуына дұға етті.

Тартысты әрі тартымды өткен ойын қатысушыларға ерекше серпін сыйлап, ортақ мақсат жолындағы татулық пен ұйымшылдықтың айқын көрінісіне айналды. Әр ойыншы әділ ойын қағидаттарын сақтап, достық пен өзара құрметті жоғары деңгейде көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі I, II және III орындарға ие болған имамдарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі