Қариясын сыйлаған елде қасиет бар 923

Қариясын сыйлаған елде қасиет бар

06 қазан 2021 130 Оқу 1 минут

 Қарттар күніне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы мен мешіт ұжымы қарттар үйіне барып, қариялармен жүздесіп қайтты.

Кездесуге мұрындық болған қарттар үйінің директоры Асылбек Жүсіпқалиұлы мекемеде намазхана ашылғандығын қуанышпен хабарлап, қарттардың сол жерде емін-еркін құлшылық етулері үшін барлық жағдай жасалғандығын жеткізді.

Шара барысында мешіт ұжымы атынан қарияларға жайнамаз, тәспі,зәм-зәм суы секілді сыйлықтар таратылды.

Сонымен қатар мекеменің кітапхана қорына Құран Кәрім, діни және әдеби кітаптар тарту етіліп, мекеме басшыларына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі