16 Зул-Қағда
"Дәстүр мен діннің айырмасы" тақырыбында үгіт-насихат айтты 4454

"Дәстүр мен діннің айырмасы" тақырыбында үгіт-насихат айтты

23 сәуір 2025 848 Оқу 1 минут

21 сәуір күні Дін мен дәстүр бағыты аясында Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Бақжарық Қызырұлы "Ж.Жүсібалиев" атындағы қазақ орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларына "Дәстүр мен діннің айырмасы" тақырыбында үгіт-насихат айтты.

Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінінмен бірге өрілген. Кейбірі хақ діннің негізінде пайда болған. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлер төл мәдениеттің аясында қарастырылады. Ал әр бір мәдениетің, танымдық тұғырын айқындап беретін таразы - сол халық ұстанған идеологиялық рухани жол, яғни діні. Осы себепті дін дегеніміз діл мен дәстүрдің негізі болып табылады.Ал халық дінін ұмыта бастағанда сол діннен қалған сарқыншақтар әдет-ғұрыптарда ғана көрініс береді.

Салт-дәстүр заманына қарай өзгереді. Ал сол халықтардың жалғасы болып саналатын қазақ халқының нанымы мен танымы, салт -санасы Ислам дінімен бірге қабыса дамыды деді.