Шалқар: Имамдарға 2026 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды
Шалқар ауданында имамдарының 2026 жылы атқаратын жұмыстарын айқындауға арналған жиын өтті.
Жиналыс барысында Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков қала, ауыл имамдарына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дін қызметкерлеріне жолдаған 2026 жылғы Бағдарлық баяндамасын таныстырды. Сонымен қатар «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жүзеге асырылатын іс-шараларға тоқталып, нақты тапсырмалар берді.
Одан өзге Бас имам 2026 жылы негізгі басымдық берілетін бағыттарды атап өтті. Атап айтсақ, «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Дәстүр және отбасы», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Алдағы жылға арналған жоспарлар пысықталып, имамдардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































