#Құрбанайт2026 : Хакім Абайдың 45 қара сөзін жатқа оқудан жарыс өтті 6401

#Құрбанайт2026 : Хакім Абайдың 45 қара сөзін жатқа оқудан жарыс өтті

28 мамыр 2026 81 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Байқадам ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай Хакім Абайдың 45 қара сөзін жатқа оқудан жарыс өтті. 

Игі шараға Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Кәмшат Шәкірбекқызы қолдау көрсетті.

Шараның басты мақсаты – Құрбан айт мерекесінің рухани мәнін дәріптеу, жастарды Хәкім Абай мұрасын насихаттауға, ұлттық құндылықтар мен көркем сөз өнерін құрметтеуге баулу.

Сайыс барысында қатысушылар Абайдың қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқып, кейін қазылар алқасы тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап берді.

Бірнеше сағатқа созылған рухани бәсекенің нәтижесінде І орынды Ербол Құлболды иеленді. ІІ орын Әмина Сағиталыға бұйырса, ІІІ орынды Ақерке Бақыткереева қанжығасына байлады.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында ақшалай сыйлықтар берілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі