«Бақытжан» мешіті: 8 жылдан кейін жаңа кілем төселді
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жаны жомарт демеушілердің қолдауымен, имамдардың мұрындық болуымен 8 жылдан кейін жаңа кілем төселді.
«Мешіт – Алланың үйі, жамағаттың құлшылық жасайтын орны. Исламдағы тазалық атаулы осы мешіттен бастау алады. Бұл рухани тазалық қана емес, мешіттің ішкі тазалығына ерекше көңіл бөлінеді» деді мешіттің бас имамы Еламан Кәрім.
Сонымен қатар мешіт толықтай әктеліп, сырланып, жөндеу жұмыстары жасалған. Мешіттің бас имамының айтуынша Рамазанға құлшылық орны сақадай сай.
Жергілікті атымтай жомарт жандардың демеушілігімен 580 000 теңгеге әктеу жұмыстары жүргізіліп, 3 000 000 теңгеге құлшылық алаңы түгелдей жоғары сапалы кілем төселді. Сауабы мол игі іске мұрындық болған және демеушілік жасаған әр жанға Алла разы болып, сауаптан жазсын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі













































