Шалқарда мешіттер арасында футболдан жарыс өтті
ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Шалқар ауданына қарасты мешіттердің жамағаты арасында шағын футболдан біріншілік өтті.
Тартысты ойын Шалқар қаласы, «№2 БЖСМ-да Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбековтың алғы сөзімен басталды.
«Жарыстың басты мақсаты — қоғамда бұқаралық спортты дамыту және дәріптеу арқылы жамағат арасында өзара ынтымақ пен бірлікке тағы бір қадам жасалып, иманды елдің ынтымағын арттыру»,- деді ауданның бас имамы.
Шағын футболдан өткен біріншілікте 6 команда қатысып, 2 ай бойы додада бақ сынасты. Әр команда өз үздіктерімен сайыс алаңында сынға түсті.
Сондай-ақ игі Абзал Медетбеков пен қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің наиб имамы Жамбыл Тлеубай жүлдегерлерді марапаттап, құттықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша тартысты додада ұжымдық ойында үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі 1 орынды «Иттихад» комадасы жеңіп алса, «Аңсарлар» – 2 орын, «Тәубе мешіті» 3 орынға ие болды. Жүлделі орын алған 3 командаға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, жекелеген ойыншылардан «Үздік мерген» номинациясымен 25 рет допты дәлдеп соққан Мейрамбек Аман ие болса, «Үздік қақпашы» номинациясымен Мұхаммед Бөлеков марапатталды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясымен әр командадан бір ойыншы анықталып, Қасымбек Алғазиев, Нұрперзент Қожанов, Тұрар Молжанов, Серік Шамшырақ, Сәрсенбек Бақытжанов, Ерлан Әбдікәдіров марапатталды.
Жарысқа қатысушы белсенді мешіт жамағаты шара соңында доданың жоғарғы деңгейде өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі