Ораза мәселелері пәтуалары таныстырылды 6004

Ораза мәселелері пәтуалары таныстырылды

20 ақпан 2026 24 Оқу 0 минут

Ақтөбе облысы қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары күнделікті және жұма намаздан кейін діни сұрақтарға жауап беруге арналған «Пәтуа сағатын» өткізуде. Бұл жолы жамағатқа Рамазан айындағы діни мәселерге қатысты пәтуалар таныстырылып, кеңінен түсіндірілді.

Пәтуаларды халыққа насихаттаудың маңызы ерекше. Халық арасында әртүрлі мәселелерге байланысты діни тұрғыдағы сұрақтар көп туындайды. Сол кезде дұрыс жауап беру үшін ҚМДБ «Ғұламалар кеңесінен» шығарылған пәтуаларға жүгінеміз.

Пәтуаларды насихаттау арқылы халықтың діни сауаттылығын арттырып, түрлі жат ағымдардың әрекеттерінен сақтанамыз. Пәтуаларды насихаттау ісі халыққа дұрыс діни ақпарат берудің алғы шарты» деп атап өтіп, пәтуалармен танысудың аса маңызды екендігін жеткізді. Өз кезегінде жамағат тақырып аясында сауалдарын қойып, жауаптарын алды.