«Darhan Dala» жобасы Ырғызда 4814

«Darhan Dala» жобасы Ырғызда

10 қыркүйек 2025 74 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Darhan Dala» жобасы аясында Темір ауданының Бас имамы Зарлық Ералиннің бастамасымен мешіт жастары тарихи өлке Ырғыз ауданының орталығына барды.

Сапар барысында аудан орталығындағы ХХ ғасырға тән тарихи мешіттің ішкі және сыртқы сәулетімен танысты.

Сонымен қатар қазіргі қолданыстағы мешітке барып, құлшылық үйінің ерекшеліктеріне куә болды.

«Дархан Дала» отандық туризм бағытымен осы аталған жерге зиярат жасалды. Бұл жобаның басты мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, тарихи, киелі орындарға рухани тур ұйымдастыру.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі