«MUNARA TV» МЕН «QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ҰСЫНАДЫ 1584

«MUNARA TV» МЕН «QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ҰСЫНАДЫ

26 сәуір 2022 156 Оқу 1 минут

Ертең мың айдан да қасиетті Қадір түніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» мен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады.

Елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінен ұсынылатын тікелей эфир Қадір түніне арналған құттықтаулармен ашылады. Одан әрі студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.

22:00-де басталатын тікелей эфирде Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылады.