РАНТ мүшесі Жексенбай Торбаев «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Құрбан айтқа байланысты түсірілімдер басталды. РАНТ мүшесі Жексенбай Торбаев республикалық «Мұнара» телеарнасында қонақ болды. Наиб имам журналист Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.
Бағдарлама барысында Жексенбай Торбаев «Арапа күні. Шектік. Құрбан айтқа дайындық» тақырыбында қойылған әр сұраққа дін мен дәстүр аясында жіті талдап, жауап берді.
Сұхбатты осы жұма күні яғни 22 мамыр күні сағат 6:30, 11:00, 18:00, 20:30-да «Мұнара» арнасынан көре аласыздар.
Әр шаңырақта «Мұнара» арнасы қосулы болғай! «Мұнара» телеарнасы Отауда 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арна. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://www.youtube.com/@munaratv
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



































