«Maxipro» өніміне ҚМДБ «Халал Даму» сертификаты табысталды
«Maxipro» өнімінің құрамы мен өндірістік процесі толықтай халал стандарттары бойынша сарапталып, ҚМДБ-ға қарасты Халал Дамудың оң қорытындысы берілді.
Аудит жұмыстары барысында: шикізат көздері, өндіріс технологиясы, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы,өнім құрамындағы барлық компоненттер, шариғат талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты тексерілді.
Нәтижесінде өнім «халал» стандартына сай деп танылып, арнайы сертификатпен расталды. Сертификатты компания ұжымына жергілікті технолог Ақмаржан Ержанқызы табыстады.
«Халал стандарт – бұл тек діни талап емес, сонымен қатар қауіпсіздік, сапа және тұтынушыға деген құрмет белгісі. Біз адалдық пен сенімділікті басты орынға қоямыз», – деп атап өтті технолог.
Аталған сертификат – кәсіпорынның адал өнім өндіруге деген ұстанымын білдіреді. Компания болашақта да сенімді, таза және сапалы өніммен тұтынушылар көңілінен шығуға ниетті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітініің баспасөз қызметі