Хромтау: Аудандық мешітке наиб имам тағайындалды 6353

Хромтау: Аудандық мешітке наиб имам тағайындалды

16 мамыр 2026 74 Оқу 1 минут

Хромтау ауданының бас имамы Марал Иманғали жұмаға жиналған жамағаттың алдында жаңа наиб имам Омар Набижановты таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес Омар Набижанов Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласындағы «Рахымберген қажы» мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, Ақтөбе облысы Хромтау аудандық «Нұр» мешітіне наиб имам болып тағайындалғанын жеткізді.

Набижанов Омар Махмуджонұлы 2001 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

Білімі:

2018–2021 жылдары «Сарыағаш» медресе-колледжінде білім алған;

2021–2022 жылдары Алматы облысы Талғар ауданында қарилық курсты оқыған;

2022 жылы Түркістан облысы Жетісай ауданы, Мырзакент кентіндегі «Абдул Акім» мешітінде Құранды толық тәмамдаған;

2023 жылы азаншылар семинарына қатысқан;

2025 жылы ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігі ұйымдастырған қари ұстаздардың діни білімі мен біліктілігін арттыру курсында білімін жетілдірген.

Еңбек жолы

2021–2024 жылдары Түркістан облысы Келес ауданы Біртілек ауылындағы «Әкім ата» мешітінде ұстаз болған;

2024-2026 жылдары Алматы облысы Талғар қаласындағы «Рахымберген қажы» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.

Жетістіктері

Әр жылдары республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауларының Түркістан және Ұлытау облыстарында өткен іріктеу кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болған;

2024–2025 жылдары республикалық кезеңдерде Алғыс хаттармен марапатталған.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі