«Мұнара» телеарнасы: Шығармашылық топ Ақтөбе облысына барды
Республикалық «Мұнара» телеарнасының бас продюсері Дәурен Құдайберген және бас операторы Ербол Малыбай арнайы іс сапармен Ақтөбе облысына барды.
Сапар барысында телеарна ұжымы өңірдегі рухани ахуал, діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар өкілдіктегі телеарна қосынының әлеуметін арттыруға байланысты әдістемелік көмек берді.
Сапар басы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде имамдар мен тілші, оператормен кездесіп, бас продюсері Дәурен Құдайберген іс сапардың маңыздылығына тоқталды. Одан өзге телеарнаның Ақтөбе облысындағы өкілдігін жандандыру, қосымша штат ашу және кадрлық құрамды кеңейту мәселелері мәселелері жіті талқыланды.
Ал 1 жылда 12 224 мын тонна өнім өндіретін ҚМДБ «Халал Даму» сертификатын алған кәсіпорынның бірі республикаға танымал «Тандем» өнімдерін «Алашқа адал ас» бағдарламасына түсірді.
Облыстағы өнегелі отбасы, 10 баланы өсіріп, немере, шөбере тәрбиелеп отырған, дін мен дәстүрді егіз ұғым санаған, 59 жыл отасқан облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің молдасы Ықылас Оразымбетов пен жұбайы Бибіхан Әуезова «Салиқалы сұхбат» бағдарламасына сұхбат берді.
Жергілікті насихат тобының мүшелері, облыс, қала, аудан имамдары Нұрбол Смағұлов, Қанат Қасымов, Рүстембек Аманғосов, Ерәлі Құлмағанбетұлы, Шынболат Үмбетов, Зарлық Ералин, Абай Шымболатов «Отбасы кодексі» бағдарламасында бала тәрбиесі, неке, отбасы құндылығы туралы насихат айтты.
Ақтөбе қаласындағы тарихи мешіт Ақтөбе қалалық орталық мешіт пен қазақи нақышта салынған заманауи «Анашым» мешітінің тыныс тіршілігімен танысты. Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әлимен кездесіп, тарихи мешіттің тарихына шолу жасады.
Облыстың басты айнасы облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов аталған мешіттің негізгі ерекшелігі туралы айтты.
Өңірдегі облыстық мешіт пен қалалық орталық мешіттегі студияның жұмысы, техникалық базасы қаралды.
Ақтөбедегі этно «Сарқыт» мейрамханасында өкілдіктегі «Аталар» және «Әжелер» мектебінің мүшелері, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері «Баталы ел» бағдарламасына, дін мен дәстүрді дәріптеп жүрген «Ер Едіге» мектебінің жетекшісі, жырау Әділбек Сарин шәкірттерімен жыр-термелер орындап, ән айтып, күй тартты.
Сапар қорытындысында шығармашылық топ аймақтың рухани өмірі мен діни-мәдени болмысы көңілінен шыққанын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі













































































