Қала мешіттерінің имам-молдаларына алғыс айтылды
ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры Мәжит Әбішевтің ұйымдастыруы бойынша Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қала мешіттерінің имам және молдаларына арналған жиын өтті. Жиында наиб имам Мәжит Әбішев және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев жаназа және жерлеу рәсімдеріне қатысты бірқатар ережелер мен тәртіптерді, садақа және құдайы астардың өткізілу тәртібін бірізділікке қою ісін ретке келтіруге шақырды.
Сондай-ақ 2024 жылы діни рәсімдерде белсенділік танытып, жақсы жұмыс көрсеткен діни қызметкерлерді Ақтөбе облысы Бас имамы атынан алғыс хатпен марапаттады.