Отбасы күніне арналған сайыста мешіт жамағаты жеңімпаз атанды 6351

Отбасы күніне арналған сайыста мешіт жамағаты жеңімпаз атанды

16 мамыр 2026 34 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы ұйымдастыруымен және «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының қолдауымен Отбасы күніне арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын-сауық іс-шарасы өтіп, оған Ақтөбе облысының діни бірлестіктер өкілдері қатысты. 

Аталған шара конфессияаралық келісімді нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етті.

Жарыс барысында қатысушылар түрлі спорттық сайыстарда бақ сынап, белсенділік пен ұйымшылдықтарын көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша мешіт жамағатынан құрылған «Тұран» тобы ІІ орынды иеленді.

Тағылымды әрі тартысты өткен бұл шара қатысушылар арасындағы ауызбіршілік пен өзара сыйластықты арттырған рухани-мәдени басқосуға айналды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі