РАНТ мүшесі шәкірттермен жүздесті
ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің 2023 арналған жұмыс жоспарына сәйкес, әр облыс арасында маман алмасып, «Жат ағымның алдын алуға» бағытталған 15 күндік іс-сапарлар жоспары аясында РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы Ақтөбе қаласындағы «Әс-сәлам» қайырымдылық мекемесі мен «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің дайындық курсында барып, шәкірттермен кездесті.
Кездесулер барысында Нұралы Бақытұлы Құранның мұғжизасы, Құран жаттаудағы байлынысты әдістер, ілім ізденудің құндылығы мен оны дұрыс қолдана білудің қадір-қасиеті туралы баяндады. Одан өзге елге қызмет етудің маңызы туралы тоқталды.
«Әрбір мұсылман баласының өз туған өлкесі мен жеріне қызмет етуі дініміздегі жауапкершілік қасиетін арттырмақ. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үмметіне өзгелерге қолымен де, ісімен де, ісімен де қайыры тиетін мүмін болуға насихаттаған»-деп атап өтті.
Одан өзге кездесу қортындысында шәкірттер толғандырған сауалдарына РАНТ мүшесі тұщымды жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі