Бас мүфти РАНТ мүшелеріне арнайы сертификат табыстады 1320

Бас мүфти РАНТ мүшелеріне арнайы сертификат табыстады

21 ақпан 2022 148 Оқу 1 минут

РАНТ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинарда  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы мен «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарына  арнайы сертификат табыстады.

Аталған семинар барысында Бас мүфти «Уағыз айтудың әдебі мен уағызшының міндеті» тақырыбында дәріс оқыса, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы фиқһ әдіснамасындағы кейбір мәселелерді түсіндіріп өтті.

Ал ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Оңғар қызметке жауапкершілікпен қарау жөнінде ой-пікірін бөліссе, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Ислам тарихындағы саяси оқиғаларды жіктеп берді.

Сонымен қатар Дін істері комитетінің діни қызмет саласындағы құқық қолдау практикасының басқармасының басшысы Бейімбет Қасымбекұлы («Зайырлылық және діни сенім бостандығы»), сондай-ақ блогер, SMM-маманы Тимур Бектұр («Әлеуметтік желіні тиімді пайдаланудың жолдары»), әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі тенденциялар мен проблемалар» тақырыбында дәріс оқыды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі