РАНТ мүшесі – Ақтөбе облысында (ФОТО) 2924

РАНТ мүшесі – Ақтөбе облысында (ФОТО)

13 қыркүйек 2023 165 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің 2023 арналған жұмыс жоспарына сәйкес, әр облыс арасында маман алмасып, «Жат ағымның алдын алуға» бағытталған 15 күндік іс-сапарлар жоспары аясында РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы Ақтөбе облысына арнайы келді. 

РАНТ мүшесінің іс сапары «Ақтөбе» медресе-колледжінің студенттерімен жүздесумен басталды.

Кездесу барысында Нұралы Бақытұлы «Білім алудың маңыздылығы» тақырыбында сөз қозғап, оның сауабы мен сыйын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар оқу ордасының директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы және Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы білім алушыларға ілімнің қадір-қасиеті мен екі дүниелік пайдасы туралы сөз етті.

Кездесу қортындысында шәкірттер тарапынан қойылған сауалдарға Нұралы Бақытұлы тұщымды жауап беріп, маңызды сұрақтарды тереңінен талқылады.

Айта кетейік, РАНТ мүшесі іс-сапар барысында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» және Ақтөбе қалалық орталық мешіті мен «Нұрдәулет» мешітінде ақшам намазынан кейін уағыз-насихат пен Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жұма уағызын жүргізетін болады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі