«Ислам тарихының қазіргі қоғамдағы маңызы» тақырыбында семинар өтті
Ақтөбе қаласы “Бақытжан” мешітінде қала имамдарына арналған «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды.
Семинарды Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев жүргізді.
Семинар аясында қатысушылар арасында пікір алмасу өтіп, тәжірибе бөлісу алаңы ұйымдастырылды. Имамдар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, діни-ағартушылық жұмыстарды жетілдіру жолдарын талқылады.
Тағылымды басқосу қорытындысында қатысушылар мұндай шаралардың рухани тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызы зор екенін атап өтіп, алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулерді тұрақты түрде өткізу қажеттігін жеткізді.










































