Ақтөбе: «Қайырымды адам – қуатты қоғам»  атты кәсіпкерлерге арналған семинар ұйымдастырылды 2926

Ақтөбе: «Қайырымды адам – қуатты қоғам» атты кәсіпкерлерге арналған семинар ұйымдастырылды

15 қыркүйек 2023 169 Оқу 1 минут

Ақтөбедегі «Әс-сәлам» қайырымдылық мекемесінде Ақтөбе қалалысының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуымен «Қайырымды адам ­­– қуатты қоғам» атты кәсіпкерлерге арналған семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты ­­– кәсіпкер азаматтарға қайырымдылық жасаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, қоғам игілігі үшін жасалатын істерде бірігіп қызмет жасауға шақыру.

Аталған шараға РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы қатысып, «Қуатты мұсылман ­­– қандай мұсылман?» тақырыбында баяндады. Оның ішінде қоғам үшін жасалатын игі істерде алда болып, жақсылықта жарысудың маңыздылығын нақытылап өтті.

Семинардан кейін барлық қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, мешіттің қоғамдық өміріне ерекше демеушілік етіп жүрген жомар кәсіпкер азаматтарға қаланың бас имамын атынан алғыс хаттар табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі