Облыс Бас имамы Темір ауданына іс- сапармен барды 3940

Облыс Бас имамы Темір ауданына іс- сапармен барды

19 қараша 2024 338 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Садиев Амантай қасиетті жұма күні Ақтөбе облысы, Темір ауданында барды. Сапар барысында аудан орталығындағы «Досжан Ишан» мешітінде жұма намазын өткізіп, уағыз айтты.

Кейін Құмқұдық ауылынан шыққан кәсіпкерлермен кездесіп, дастархан басында рухани насихат айтты. Сондай-ақ дінге жанашырлық танытып, жомарттығымен демеушілік жасаған азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Айта кететін болсақ, жақын арада ауданға қарасты Құмқұдық ауылдық мешіті жанынан заманауи үлгіде асхана салынған болатын.