Ұлттық спорт жаңғыртылды 3317

Ұлттық спорт жаңғыртылды

27 наурыз 2024 1123 Оқу 1 минут

16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні қарсаңында Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков Түркия елінен келген қариға қазақ халқының ұлттық ойындарын таныстырды.

Игі шара барысында Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітіндегі тарауих намазында хатым түсіруге Түркия елінен арнайы келген Мухаммад Бурак қариға садақ ату, асық ату және ләңгі тебу секілді ұлттық спорт және ойын түрлері таныстырылып, оның мәні, ұлттық маңыздылығы туралы баяндалды.

Игі шараның басты мақсаты халқымыздың мәдени өмірімен бірге дамыған, ата - бабамыздан бізге асыл мұра болып жеткен ұлттық ойындарды дәріптеу.