РАНТ мүшесі «Ар-Рахим» мешітінде жұма уағызын өтті 4775

РАНТ мүшесі «Ар-Рахим» мешітінде жұма уағызын өтті

31 тамыз 2025 94 Оқу 1 минут

Республикамызға танымал ұстаз, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің имамы, РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы Ақтөбе қаласындағы «Ар-Рахим» мешітінде жұма уағызын өтті. 

“Кітап оқудың пайдасы мен артықшылығы” жөнінде жамағатқа насихат айтып: «Мұсылман адам үшін Құран мен хадистен сусындағаннан кейінгі ең маңызды қадам – пайдалы ілімге бет бұру, жүректі оятар, ойды өсірер кітаптарды оқу. Себебі шынайы білім – жүрекке тыныштық, ақылға қуат, өмірге бағыт береді. Ілім – діннің тірегі, ақылдың нәрі, иманның серігі»-деп кітап оқудағы негізгі мақсатты айшықтап өтті.

Сонымен қатар кітап оқу арқылы адамның ойлау қабілеті дамып, сөздік қоры байып, даналыққа ұмтылатынындығы туралы да айтты.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі