134 медицина қызметкеріне құрмет көрсетілді 608

134 медицина қызметкеріне құрмет көрсетілді

17 сәуір 2021 171 Оқу 1 минут

Пандемия жағдайы кезінде ақ халатты абзал жандардың қызметі қоғамда ерекше орын тапты. Медицина қызметкерлері адамдардың өмірін арашалап, өз бастарын бәйгегеге тігіп үлкен тәуекелге барып емдом жасады.

Осыған орай, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Берекелі Рамзан сыйы жобасы» аясында Республика көлемінде медицина мамандарына арнайы құрмет көрсетуді тапсырған болатын.

 ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры биылғы қасиетті «Рамазан» айының алғашқы жұмасын «Өмірге үміт сыйла» атты акциясына арнады.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі имамдары жұқпалы дертпен аянбай күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қасиетті Рамазан айында қайырымдылық себеттерін үлестірді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті бастаған қала, аудан және ауыл мешіттерінің атсалысуымен 134 медицина қызметкерлеріне жалпы көлемі 1 тонна 283 келі азық-түлік қоржындары қайырымдылық ретінде үлестірілді.

Осылайша дін қызметкерлері жомарт жамағаттың демеушілігімен денсаулық саласы мамандарына өздерінің шынайы лебіздерін білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі