Конституция күні діни бірлестіктер арасында тимбилдинг өтті
Еліміздің айтулы мерекесі Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай діни бірлестіктер өкілдері арасында тимбилдинг өтті.
Ақтөбе облысының діни бірлестіктер өкілдері арасында сенім мен ынтымақтастықты нығайту, конфессияаралық диалог пен өзара әрекеттестікті дамыту, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай бірлік пен толеранттылық рухын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
«Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығы жеке мекемесі және Ақтөбе облысының Дін істері басқармасының қолдауымен өткен шараға Ақтөбе қаласының имамдары қатысып, біліктіліктерін ортаға салды.
Тимбилдинг соңында әрбір қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, мадақтама қағазы табыс етілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































