«Ғаламның Рахым нұры» атты Мәуліт кеші ұйымдастырылды
Ақтөбе қаласынағы «Ар-Рахим» мешітінде бас имам Елмұрат Мырзабаевтың мұрындық болуымен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілі мен сәлемі болсын) дүниеге келген айына орай «Ғаламның Рахым нұры» атты рухани кеш ұйымдастырылды.
Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі ғұмырын дәріптеумен қатар, жамағаттың бірлігін арттыруға және қоғамда рухани құндылықтарды нығайтуға арнаған шараға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы қатысып, пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен тағылымды уағыз айтты. Сондай-ақ мәуліт оқып, жиналған жамағатқа жүрекжарды дұға жасады.
Одан өзге ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі Кенжегүл Кушкарова «Пайғамбарымыздың өмірінен өнегелер» тақырыбында, ал Бақытжан мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова «Мәуліт айының берекесі» жөнінде насихат сөздерін жеткізді.
Кеш барысында жиылған жамағатқа арналған қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




















































