«Намаз – жамандықтан тыяды» такырыбында дәріс ұйымдастырылды
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ардақ Бағдалқызы ұстаздың ұйымдастыруымен «Намаз – жамандықтан тыяды» такырыбында дәріс өтті.
«Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ ол – жат әдеттер мен арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық һәм рухани азық. Сондықтан намазды дұрыс орындау – мұсылмандар үшін ең маңызды міндет», деп ұстаз дәрістің маңыздылығына тоқталды.
Айта кетсек, Ақтөбе облысы өкілдігінде 30 күнде 30 тақырып аясында дәрістер өтуде.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram