«Берекелі алтын күз – Алланың шексіз нығметі»  атты табиғат аясында рухани шара ұйымдастырылды 2997

«Берекелі алтын күз – Алланың шексіз нығметі» атты табиғат аясында рухани шара ұйымдастырылды

14 қазан 2023 377 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен мешіт ауласында Алла Тағаланың адамзат баласына беріп жатқан сансыз нығметтерін көре білу, қадірлеу, шүкіршілікті арттыру, ысырап етпеу мен шүкірді қадірлеуді өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында әйел жамағатына «Берекелі алтын күз – Алланың шексіз нығметі» атты табиғат аясында рухани шара ұйымдастырылды. 

Рухани басқосуда «Ризықтың болмысы мен түрлері» тақырыбында уағыз-наихат айтылып, күз мезгіліндегі жеміс-жидек, дәнді -дақылдарымыз, ризық-несібеміз арта берсін деп дұға жасалды.

Сонымен қатар түрлі икебана, композициялардан «Алтын күз берекесі» атты көрме өтті.

Одан өзге шараға қатысушылар арасында «5 парыз», «Нығметтерді қадірлеу», «Мен білемін...», «Пайғамбарлар қиссасы» секілді танымды және қимыл-қозғалыс ойындары ойналды.

Кеш соңы Әр-Раззақ болған Аллаға зікір, дұға, мадақтар айтумен тәмамдалды.


Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі