#Рамазан2026: «Аят нұры — жүрек сыры» атты білім сайысы өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Қасиетті Рамазан айына орай «Аят нұры — жүрек сыры» атты білім сайысы өтті.
Дода Құран аяттарын қатесіз оқуға және тәжуид ережелеріне аса мән берілді. Ойды сергітетін түрлі ойындар ойналып, сайыс жеңімпаздарына және қатысушыларға сыйлықтар берілді.
Сайысты ұйымдастырушы қалалық орталық мешіттің ұстазы Гүлжайнар Мұсақызы мұсылман пенде үшін Құран оқудың маңыздылығын, соның ішінде Рамазан – Құран айы екендігін атап өтті. Жарысқа 40- жуық адам қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





















































