Шалқар: Білім сайысы өтті
Шалқар ауданында жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің мән-маңызын түсіндіру және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында әйел жамағаты арасында білім сайысы өтті.
Ұстаздар Жұлдыз Тлеубай менАрай Бақытғалиева және психолог маман Алия Айтжанованың ұйымдастыруымен өткен додада қатысушылар фиқһ және ұлттық салт-дәстүр тақырыптарын қамтыған үш кезеңде білімдерін сынады. Одан өзге тапқырлықтары мен білім деңгейлерін көрсетті.
Білім сайысының қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды «Рамазан» тобы, 2 орынды «Хафса» тобы, 3 орынды «Мейірім» тобы жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































