#Рамазан2026: «Мұнара» телеарнасы: Имамдар көрерменнің 140 сұрағына жауап берді
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Мұнара» телеарнасының өңірдегі студиясында кезекті түсірілім болып, имамдар көрерменнің Рамазан айына байланысты қойған 140 сұрағына жауап берді.
Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов пен облыс бойынша «Уағыз-насихат» бөлімінің жауапты маманы, облыстық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов телеарнаның «Білу керек» подкас хабарына қатысты.
Бағдарлама барысында журналист, дін ұстазы, РАТТ мүшесі Ақтолқын Тажикова көрермен тарапынан түскен деп әр хатты оқып, дін мамандары талдап жауап берді. Жақында телеарнадан көрсетіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































