#Рамазан2026: Облыстық мешітте нутрициологпен кездесу өтті
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ бекіткен Рамазан жоспары аясында «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі мен «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында халықаралық кәсіби нутрициолог Арина Нугмановамен кездесу өтті.
Шараны «Ақпарат және Қоғаммен байланыс» бөлімінің жауапты маманы, журналист, дін ұстазы Ақтолқын Тажикова ашып, кездесудің маңыздылығына тоқталып, спикерді таныстырды.
Сонымен қатар облыс бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова «Рамазан және денсаулық» тақырыбында тағлымды насихат айтты.
Сапалы тамақтану жобасының негізін қалаушы, нутрициолог Рамазан айындағы дұрыс тамақтану туралы әйел жамағатына дәріс оқыды. Ораза кезінде ағзаға зиян келтірмеу мәселерін талдады. Ауызашар мен сәреде қалай дұрыс бастау керек,
асқазанды ауыр, майлы тағамнан сақтану жолдары, қуатты сақтауға көмектесетін пайдалы өнімдер,
қант деңгейінің күрт көтерілуі мен әлсіздіктің алдын алу
ақуыз, май және көмірсудың тепе-теңдігін сақтау маңыздылығы туралы айтты.
Шара қортындысында әйел жамағаты, «Әжелер» мектебінің белсенді мүшелері тақырып аясында сауалдарын қойып, толыққанды тұщымды жауап алды.
«Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Арина Нугмановаға «Шырайлым» қыз-келіншектер даму клубының Рамазанға арнайы тіккен ас үй жабдықтарын сыйға тарту етті.
Айта кетсек, кездесу онлайн және офлайн форматта өтті. Онлайн формат зум арқылы болды. Шараның мақсаты мен маңызы туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі














































