Әйел жамағатына арналған байқау қорытындыланды 4887

Әйел жамағатына арналған байқау қорытындыланды

29 қыркүйек 2025 87 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстаздарының ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасыда Мәуліт айының құрметіне арнайы байқау өтті.

Жарысқа қатысушылар білімдерін сынап, емтихан тапсырды. Аталған дода Алланың 99 көркем есімдерін жатқа айту (қазақша мағынасымен бірге); «Сағынышқа толы салауат» салауат айту; «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы бойынша сұрақ-жауап негізінен құралды.

Мәуліт мерекелік кешінде байқаудың қорытындысы жарияланып, үздік шыққан шәкірттер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар

1 бөлім: Алланың 99 көркем есімдерін жатқа айту

I орын – Райсова Мадина, II орын – Каналина Гүлайым, III орын – Серік Фатима.

2 бөлім: «Сағынышқа толы салауат» жарысы бойынша үздіктер

I орын – Жамангарина Шара, I орын – Аймаханова Гүлбол, III орын – Турина Алтынзер

3 бөлім: «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы бойынша (Дамира Өмірзаққызы)

I орын – Тәттіғали Зәру, II орын – Қолғанатова Аружан, III орын – Жұлдыз Турегалиева жеңімпаз атанды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі