#Рамазан2026: «1 күнде 1 іс шара»: Облыстық мешітте 200 адамға су мен құрма таратты 6023

#Рамазан2026: «1 күнде 1 іс шара»: Облыстық мешітте 200 адамға су мен құрма таратты

04 наурыз 2026 42 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық мешітінде «1 күнде 1 іс шара» акция аясында ұстаздар Кенжегүл Кушкарова мен Алтынай Исаеваның ұйымдастыруымен қала тұрғындарына 200 су мен құрма және Рамазан кестесін таратты.

«Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады»- деген Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисіне амал ету мақсатында бұл бастама Рамазан айының рухани құндылықтарын дәріптеп сауапты іске үндеудің бір көрінісі.

Жақсылықта жарысайық. Ауызашарға қарапайым су мен құрма тарату – кез келген адамның жасай алатын сауабы мол ізгі амал.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі