#Рамазан2026: «Рамазан береке мен сауап айы» атты рухани кеш ұйымдастырылды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Мұғалжар ауданында «Әйел қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Рамазан береке мен сауап айы» атты рухани кеш өтті.
Ауызашар Құран оқылуымен басталды. Шара барысынада аудандық «Нұртай» мешітінің әйел ұстаздары Жанат Орынбасарқызы және Гүлнұр Әбжамиқызы Рамазан айымен құттықтап, оразаның маңызы мен қадір-қасиеті жайлы уағыздар айтылды. Сонымен қатар сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, қатысушыларға сыйлықтар берілді.
Кеш барысында Рамазан айы қарсаңында ұйымдастырылған отбасылық үйді безендіру бейнеролик байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Шара қортындысы бойынша ерекше мән- мағынасы бар бейнеролик иелеріне «Шалғайдан жеткен шынайылық», «Махаббатқа толы отбасы», «Бірлігі бекем отбасы» номинациялары бойынша ынталантыру сыйлықтары берілді.
Шара жеңілпаздары: 3 орын иегері Сәбит Кәусар (5000 теңге), 2 орын иегері Жусипова Асел (10000 теңге) 1 орын иегері Иманбаева Толғанай (20000 теңге) сертификатпен марапатталды.
Рухани кеште Ізбасарқызы Дәметкенге жамағат атынан Умра сапарына жолдама табысталды. Кеш қорытындысында ақ жаулықты аналар жамағатқа ақ тілектерін арнап, баталарын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































