35 Құран Хатым оқылды
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 35 Құран Хатым оқылды.
Ай бойы, яғни 30 күн қатарынан (Рамазаннан 1 алдын) мешіт қабырғасында қаримен бірге күнделікті Құраннан бір пара оқылып, шәкірттер арасында бір күнде бір хатым және апталық хатымдар ұйымдастырылды. Нәтижесінде биылғы Рамазан барысында жалпы саны 35 хатым оқылып, игі амалдар жүйелі түрде жүзеге асуына 123 шәкірт үлес қосты.
Бұл бастама шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, білімдерін тереңдетуге ықпал етті.
Рамазан айының соңғы күні Құран хатым дұғасы жасалып, жамағатпен бірге қасиетті Құранның сауабы бағышталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
















































