Рамазан2026: Облыстық «Берекелі айдың бейнесі» байқауының жеңімпаздары анықталды
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 23 ақпан пен 1 наурыз аралығында @aqtobe_aiel_qyzdar_sektory инстаграм парақшасында «Берекелі айдың бейнесі» атты облыстық балаларға арналған сурет байқауының жеңімпаздары анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар: Зере Жандосқызы, Сенім Ақдидар, Әкімгерей Амира, Бақыт Мұхаммад-Раббани, Айымбетов Нұртас «Sky Park» ойын-сауық орталығына тегін кіру билеттерін иегері атанды.
Сонымен қатар жеңімпаздарға рамазан тәттілері мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасынан жарық көрген балаларға арналған жаңа топтамадағы кітаптар сыйға берілді.
Одан өзге ең алғашқы болып бейнежазба жолдап, үнемі белсенділік танытып жүрген қатысушы Нариман Әмина да арнайы марапатқа ие болды. Ал Зере Жандосқызы және Айымбетов Нұртас басқа елді мекеннен болғандықтан оларға сыйлықтары почта арқылы жеткізілетін болады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































