#Рамазан2026: «Әзіреті Біләл» мешітінде «Рамазан тәттілері» акциясы өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінде «Рамазан тәттілері» акциясы өтті.
Мешіттің бас имамы Такеев Нұрлыбек астың адалын, құрамының таза болуы дінімізде маңызы жоғары екенін балаларға жеткізді. Ал мешіт ұстазы Жазира Айбекқызы мен шәкірттері бүлдіршіндерге түрлі ойындар ұйымдастырды.
Шара барысында 80-ге жуық бүлдіршіндерге тәттілер таратылды. Сонымен қатар жоғарыдан шар лақтырылып, балалардың көңіл-күйі көтерілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































