#Рамазан2026: Ойыл ауданында 10-ға жуық дүкен арақ сатудан бас тартты 5959

#Рамазан2026: Ойыл ауданында 10-ға жуық дүкен арақ сатудан бас тартты

19 ақпан 2026 44 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Ойыл ауданында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Арақсыз Рамазан» акциясы бойынша 10-ға жуық дүкен арақ сатудан бас тартты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің Рамазан айына орай үндеуі негізінде қасиетті айда азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасау туралы да бір үйдің баласындай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, үн қоссақ деп насихат айтылды.

Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Бақжарық Қызырдың ұйымдастырумен Ойыл ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы, мешіт ақсақалдары бірлесе дүкен иелерімен кездесіп, арақ-шарап сатудан бас тартуға шақырды. Дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Имамдар кәсіпкерлерді қасиетті айда ішімдік өнімдерден бас тартып, оның орнына халыққа пайдалы шырындар мен азық-түлік ұсынуға үндеу жасалды. Кездесу барысында дүкен иелері бұл бастаманы игі шарана қолдап, Рамазан айында арақ-шарап дүкен сөрелерінен алып тастады. Өз кезегінде дін қызметкерлері адал кәсіптің берекесі мол болатынын ескертіп, жақсылыққа бастайтын кез келген амалдың сауабы еселеніп жазылатынын атап өтті. Бұл бастама қасиетті Рамазан айында қоғамда рухани тазалықты арттыруға, сауапты істерге ынталандыруға бағытталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі