Шалқар: Рухани тәрбие жолы – ата-бабамыздың асыл мұрасы 846

Шалқар: Рухани тәрбие жолы – ата-бабамыздың асыл мұрасы

16 қыркүйек 2021 193 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының наиб имамы Нұрсұлтан Нұрдәулетұлы жергілікті жамағатқа ихсан ілімін насихаттады.

Рухани кездесу барысында наиб имам жамағатқа ҚМДБ-ның 2021 жылғы қызметінің басты 7 бағыты бойынша айта келіп, «ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасына сәйкес, биыл «Ихсан» іліміне ерекше көңіл бөлінуде. Рухани тәрбие жолы – ата-бабамыздың асыл мұрасы. Біз бұл іліммен тереңірек танысып, бағалай білуіміз қажет. Осыған орай, біздің имамдар тарапынан көптеген мақалалар жазылып, онлайн дәрістер өткізіліп жатыр», - дей келе ихсан ілімінің қоғамдағы маңызы туралы насихат айтты.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі