#Рамазан2026: Шалқар ауданында «Рамазан тәттілері» таратылды
Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі Шалқар ауданында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес, қасиетті айда қала тұрғындарына қуаныш сыйлау мақсатында «Рамазан тәттілері» таратылды.
Ауданның бас имамы Абзал Медетбековтың ұйытқы болуымен Рамазан айының құрметіне орай қала тұрғындары мен балаларға түрлі тәттілер салынған 50 қоржын табыс етілді.
Шара барысында имамдар Рамазан айының мейірімділік пен қайырымдылық айы екенін атап, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тұрғындар Бас мүфти мен имамдарға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































