РАНТ мүшесі Атырау облысында 1153

РАНТ мүшесі Атырау облысында

01 желтоқсан 2021 97 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизаұлы арнайы іс сапармен Атырау облысында болды.

Іс-сапар барысында РАНТ мүшесі облыстық орталық «Иманғали»  мешіті мен қалалық «Әт-Тақуа» мешітінде «Жүрек дерттерінен арылудың маңыздылығы» және «Мұсылманның шынайы сипаты» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Сонымен қатар Жылыой ауданы, Құлсары қаласында өткен уағызда «Иман мен амалдың исламдағы орны» мен «Жастар тәрбиесі» тақырыбы қамтылды.

Одан өзге РАНТ мүшесі «Иманғали» орталық мешіті жанындағы студиядада «Діни білім алудың маңыздылығы» аясына тоқталып, ал amin.kz парақшасында тікелей эфирде «Нәпсі тәрбиесі» туралы сұхбат берді.

Нұрлыбек Шакизадаұлы іс-сапар барысында жамағат тарапынан қойылған діни сауалдарға тұщымды жауап берді.

 Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі