Офлайн және онлайн форматта Құран Хатым дұғасы жасалды
Қасиетті Рамазан айының қарсаңына орай әйел жамағатына арналған «Қыс — мүміннің көктемі» атты марафоны жалғасуда.
Марафон барысында @aqtobe_aiel_qyzdar_sektory парақшасында күн сайын таңғы сағат 6:00 -де Құран Хатым оқылып, Рамазан айына рухани дайындық жүргізілуде.
Аталған Құран хатымның дұғасы Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында оффлайн және онлайн форматта өтті.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы, қари Гүлжайнар Мұсақызы жамағаттың ауызбіршілігі мен еліміздің амандығы үшін дұға жасап, тілек тіледі.
Құран Хатым дұғасына офлайн 30, онлайн 60-жуық адам қатысты.
Айта кетейік, марафонның ең үлкен мақсаты — әйелдер қауымын оразаға ерекше рухани дамумен, біліммен жетуге мүмкіндік жасау.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі