#Рамазан2026: Облыстық мешіттің ұстазы оразаның хикметі туралы насихат айтты 6039

#Рамазан2026: Облыстық мешіттің ұстазы оразаның хикметі туралы насихат айтты

07 наурыз 2026 22 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата» мешітінде ауызашар ұйымдастырылды.

Сауапқа толы игі іске Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы, облыс бойынша «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов арнайы қонақ ретінде қатысты.

Облыстық мешіттің ұстазы жамағатқа оразаның хикметі, пітір садақасы туралы насихат айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі