Қалалық мешіт жамағаты топ жарды 2007

Қалалық мешіт жамағаты топ жарды

29 тамыз 2022 103 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастырумен Ақтөбе қаласының мешіттері арасында футболдан жарыс өтті. Аталған сайысқа 8 команда қатысып, бақ сынады.

Мекеме басшысы Сансызбай Жәдігерұлы: «Шараны ұйымдастырудағы мақсат — қоғамның қай саласы болсын, салауатты өмір салтын насихаттап, дені сау тұлға болу үшін спортты дамыту. Дені сау ұлттың ғана болашағы жарқын болмақ»,- деп спорт бәсекесінің басты мақсатын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Ермекбайұлы жамағат бірлігін арттырар сәтті ойын болуына тілектестік білдіріп, ойыншыларға ерекше көңіл-күй тіледі.

Жарыстың қортындысы бойынша Ақтөбе қалалық орталық мешіті І орын, «Әс-салам» мешіті ІІ орын, «Бақытжан» мешіті ІІІ орын, «Ансар» АТО ІV орынды иеленді.

Айта кетсек, аталған орталықтың ұйымдастырумен өткен аптада жамағат арасында волейболдан жарыс өтті. Одан өзге жамағат арасында спорт додалары әлі де жалғасын табады.

 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі