#Рамазан2026: Тарауық намазына келетін ақсақалдарға құрмет көрсетті 6040

#Рамазан2026: Тарауық намазына келетін ақсақалдарға құрмет көрсетті

07 наурыз 2026 22 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Қайырқожа» мешіті «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында ақсақалдарды құрметтеп, тарауық намазынан қалмай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрген қарияларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Мешіттің бас имамы Шыңғыс Ғалымжанұлы ақсақалдарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар ерекше жағдайына қарамастан бес уақыт намаздан қалмайтын, көпке үлгі болып жүрген Жақып Алматқа арнайы сый-сияпат жасады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі