#Құрбанайт2026:  Айтта имамдар ерекше балалар мен ауыл үлкендеріне қуаныш сыйлады 6398

#Құрбанайт2026: Айтта имамдар ерекше балалар мен ауыл үлкендеріне қуаныш сыйлады

28 мамыр 2026 74 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Байқадам ауылдық мешітінің имамы Бақтияр Қуанышов Құрбан айт мерекесіне орай ерекше балаларға, ауыл ақсақалдарына және мешіт жанашырларына айтта қуаныш сыйлады.

Шараның мақсаты – Құрбан айт мейрамының ізгі құндылықтарын дәріптеп, қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті арттыру, үлкенге құрмет көрсетіп, көпшілікке қуаныш сыйлау.

Игі шара барысында имам Бақтияр Қуанышов ерекше балалар мен ауыл қарияларының үйлеріне арнайы барып, оларды айт мерекесімен құттықтап, сыйлықтарды тарту етті. Сонымен қатар мешіттің тұрақты жанашырларына құрмет көрсетілді. Қорытындысында жалпы саны 10 айттық қоржын табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі