РАНТ мүшесі ҚАЖД №9 мекемесінің ұжымымен кездесті 2942

РАНТ мүшесі ҚАЖД №9 мекемесінің ұжымымен кездесті

23 қыркүйек 2023 250 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы ҚАЖД №9 мекемесінің ұжымымен кездесті. 

Аталған кездесуге Ақтөбе қаласының Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығынң теолог маманы Әділжан Ұзақбай және аталған мекеменің психолог маманы Тимур Төлепбергенов қатысты.

Шара барысында мамандар жат ағымдардың қоғамға тигізер теріс әрекеттері мен оны ұстанушы азаматтардың психологиялық сипаттары мен іс-әрекет барысындағы ерекшеліктерін атап өтті.

Сондай-ақ РАНТ мүшесі Нұрлыбек Күзенбаев: «Жат ағымдар қоғамға ықпалы көбінесе діни білімнің жетіспеушілігінен туындайды. Қарапайым қатардағы азаматтар діннің негізгі қағидаларын үйреніп бастаған сәтте өзіне кездескен алғашқы адамды діни ұстаз ететіні жасырын емес. Алғашқыда мән бере бермейтін осындай мәселелерден жат ағымдардың жетегінде кеткенін байқамай қалып жатқандар аз емес. Осы орайда, тиісті діни ақпараттар мен туындаған сауалдар шешімін дәстүрлі дінімізді насихаттаушы ҚМДБ қарасты мешіт-медреселерден ғана алу қажет,»-деп кеңінен түсіндірді.

Кездесу соңында қойылған сауалдарға толыққанды тұщымды жауап берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі